Өскеменде 1 тамыз күні жоғалған жігіттің денесі табылды

Өскеменде 1 тамызда үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған бозбаланың денесі табылды.

2003 жылы туған Сырым Айтқалиев 1 тамыз күні үйінен шығып кеткен. Жағажайдан сөмкесі мен киімдері, телефоны анықталған бойда туыстары оның жоғалғаны туралы полиция арыз жазған, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Бүгін таңертең жас жігіттің денесі табылды. Волонтерлердің айтуынша, ол суға батып кеткен.