423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Көкшетауда көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды

  • 132
  • UPD: 11:57, 04.08.2021
Көкшетауда көпқабатты үйден 27 адам эвакуацияланды Ақмола облысы ТЖД

Бүгін, 4 тамыз күні Көкшетауда Пушкин көшесіндегі көп қабатты үйдің 27 тұрғыны бірінші қабаттағы дүкендегі өртке байланысты эвакуацияланды.

Өрттің алдын ала себебі тоңазытқыш қондырғыларының қысқа тұйықталуы, деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

4 сағат 28 минутта Ақмола облысы ТЖД күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу өрт сөндіру қызметінің күштері мен құралдары жіберілді.

Шақыру орнына келген соң ақпарат расталды. Нәтижесінде баспалдақ маршымен 27 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Өрт 20 минут ішінде жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. ТЖД-нің 10 қызметкері мен 2 техникасы шықты.

Хабар 24 телеарнасы