Іле Алатауына шыққан ресейлік туристің жағдайы нашарлап, көмекке жүгінді

Іле Алатауына шыққан ресейлік туристің жағдайы күрт нашарлап, көмекке жүгінді.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құтқарушылар дер кезінде көмекке аттанды. Белгілі болғандай, саяхатшылардың бірінің шыңды бағындыру кезінде жағдайы күрт нашарлаған. Науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Таулы жер таяз және тік жартасты болғандықтан, зардап шеккен адамды зембілмен тасымалдауға болмайды. Сондықтан Алматы қаласының құтқару қызметі әуе бортын ұсынды. Қазір құтқарушылар әуе кемесін күтіп жатыр. Тікұшақ келісімен, науқасты Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне жеткізетін болады.