Атырауда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам мерт болды

Атырауда тұрғын үй кешендерінің бірінде лифт жөндеп жатқан екі қызметкер 15-қабаттан шахтаға құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірі сол жерде көз жұмған. Әртүрлі дене жарақатын алған екінші адам қазір облыстық ауруханада ауыр халде жатыр. Оқыс оқиға бүгін жергілікті уақытпен таңғы сағат 10:00-де болған.

Индира Мерекен, қалалық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі:

– 1987 жылы туған науқас облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Травматикалық шок, бірнеше сынық және  жарақат алған. Қазір операцияға дайындалуда. Операциядан кейін реанимация бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында болады.