Жасөспірімдер арасындағы төбелес: бір бала пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Ақтөбе облысында жасөспірім 16 жастағы балаға пышақ салды, деп хабарлады Polisia.kz.

3 тамыз күні сағат 01:30-да Ембі қаласы ауруханасының қабылдау бөліміне белгісіз адамдар 16 жастағы кәмелетке толмаған баланы пышақ жарақатымен жеткізді. Полиция қызметкерлері жедел шаралар өткізу барысында 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады.

Екі кәмелетке толмаған баланың арасында дау-дамай туындап, соның салдарынан біреуі екіншісіне пышақ жарақатын салғаны белгілі болды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі (Қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция мен білім беру органдары болған оқиғаға себеп болған жағдайларды анықтау мақсатында тексеріс жүргізеді.