Петропавлда кәмелетке толмағандарға қатысты екі қылмыс жасалды

Петропавл қаласында 9 бен 13 жастағы екі жас бала сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерден зардап шекті.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-порталы хабарлайды. Бірінші балаға қатысты жағдай бойынша облыс орталығының бұрын сотталған тұрғыны анықталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал екінші факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта күдіктіні іздеу жүріп жатыр. Осыған байланысты ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауларын сұраймыз, – дейді полицейлер.