425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодар облысының мопед жүргізген екі жасөсіпірім ауруханаға түсті

  • 204
  • UPD: 11:01, 05.08.2021
Павлодар облысының мопед жүргізген екі жасөсіпірім ауруханаға түсті pavlodarnews.kz

Жол-көлік оқиғасы Павлодар ауданының Луганск ауылында болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

– ALFA мопедінің 13 жастағы жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз қиылыстан өту ережелерін бұзып,  автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопедтің 15 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция тексеру барысында кәмелетке толмағандардың жүргізу дағдылары мен көлік басқару құқығы жоқ екені анықталды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша жүргізілген тексерістен басқа, балалардың заңды өкілдерінің жауапкершілігі туралы мәселе кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралатын болады. Сондай-ақ ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы