423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Маңғыстауда жүріп келе жатқан жүк көлігінің екі дөңгелегі ұшып кетті

  • 182
  • UPD: 14:49, 05.08.2021
Маңғыстауда жүріп келе жатқан жүк көлігінің екі дөңгелегі ұшып кетті inaktau.kz

Маңғыстауда жүріп келе жатқан жүк көлігінің екі дөңгелегі ұшып кетті.

Ол сәт видеокамераға түсіп қалған. Оқиға 4 тамызда түстен кейін болған, деп хабарлады inaktau.kz.

Бір дөңгелегі қарсы жолақта келе жатқан «MAN» жүк көлігінің бамперіне соғылды. Екіншісі жолдың шетіне ұшып кетті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы туралы полицияға хабарланбағанын айтты. Зардап шеккен көлік иесінен шағым түспеген.

Хабар 24 телеарнасы