Арыс теміржолында екі контейнер өртенді

Арыс теміржолында екі контейнер өртенді

Арыс теміржол станциясында фосфор тиеген екі контейнер өртенді.

Абырой болғанда мамандар бұл екі вагонды составтан ажыратып, бөлек жолға шығарған. Оқиғаға орай арнайы штаб құрылған. Қызыл жалынмен күреске облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 26 маманы, 5 техникасы, арнайы өрт сөндіру пойызы мен 8 әскери қызметкер жұмылдырылған. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың айтуынша, қазір қауіптің беті қайтқан. Бірақ желдің бағыты өзгере қалса, іргедегі тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілуі мүмкін. Эвакуациялау жұмыстары үшін 4 мектеп қарастырылды деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.