Екібастұзда ірі көлемде есірткі сақтаған адам ұсталды

Екібастұзда үйінде ірі көлемде есірткі сақтаған ер адам ұсталды.

Полицейлер синтетикалық есірткінің аса ірі партиясын 28 жастағы ер адамның үйінен тапты, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұнтақ тәрізді 23 орама зат тәркіленген.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 6 граммнан асатын синтетикалық препараттар болған. Бұл аса ірі мөлшерге жатады», – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.