ШҚО-да дала өртінен 40 гектар жер күлге айналды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Ақбұлақ ауылынан 30 шақырым жерде дала өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметі бойынша шамамен 40 гектар жер күлге айналған. Өртті сөндіруге бүгінге дейін 13 техника жұмылдырылған. Ұранқай ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен сол маңдағы ауыл тұрғындары да көмектесіп жатыр. Жалпы 50 ге жуық адам жүр. «Боран» орман шаруашылығынан бір КамАЗ бен үш қызметкер де көмектесуде. Ал облыстық төтенше жағдай департаментінен кеше 3 техника жеткен. Бүгін Өскеменнен тағы 20 өрт сөндіруші көмекке аттанды. Өртпен арпалысып жүрген адамдардың айтуынша, кешеден бері жел күшейіп, жалынды басуға ырық бермей тұр. Өрт бір бағытта емес, жан-жаққа тарап барады.

Сондай-ақ...