Елордада есірткі сатқан күдікті ұсталды

Елордада есірткі сатқан күдікті ұсталды

Елордада есірткі сатып келген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полиция қызметкерлері арнайы тексеріс кезінде 37 жастағы ер адамды қолға түсірген. Тінту кезінде қалтасынан 2 келі гашиш табылыпты. Кейін оның қала іргесіндегі Қосшыда тұратыны анықталды. Полицейлер үйін түгел тінтіген. Сөйтіп, ауласындағы иттің ұяшығынан тағы 34 киллограм гашиш тауыпты. Күдікті бірден қамауға алынды. Тергеліп жатыр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер кінәсі дәлелденсе, 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.