Таразда үш жастағы қызды пойыз басып кетті

Таразда үш жасар қызды жүк пойызы басып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауыр жарақат алған сәби оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай Құмшағал бекетінде болды. Тараз станциясы желілік полиция өкілдерінің айтуынша, қыздың анасы теміржолда тұрған вагондардың астынан өтпек болған. Сол мезетте пойыз қозғалып кетіп бүлдіршінді мыжып кеткен. Қазір баланың анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақсат Дүйсенбиев, Тараз станциясы желілік полиция бөлімінің бөлімше басшысы:

­– Бұл жерде осы дерек бойынша ҚРҚК 344 бабының екінші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру ісі басталды. Енді ол жерде кінәлі тұлғалар бола ма, болмай ма, ол кісілердің өзінің салғырттығынан болып жатыр ма осы бойынша тергеу амалдары кезінде бұл жағдай анықталатын болады.

Сондай-ақ...