Қызылордада ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Қызылордада ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді
фото: inform.kz

Қызылордада синтетикалық есірткі жасалатын шағын зертхана жұмысы әшкереленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зертхананы 23 жастағы атыраулық жігіт жалдамалы пәтерлердің бірінде ұйымдастырған. Тінту кезінде сатуға әзірленген 91 пакет мефедрон, таразы, фольга қағазы мен түрлі түсті бояу қоспалары табылды. Күдіктіден жалпы салмағы 350 грамм есірткі заты тәркіленді. Полиция департаментінің мәліметінше, ол есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдап келген. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.