Алматы облысындағы Жоламан ауылының шетін сел шайып кетті

Алматы облысында нөсер жауын салдарынан сел жүрді. Таудан аққан су Жоламан ауылының шетіндегі көшелерді шайып кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Сала мамандарының мәліметінше, қазір жаңбыр тоқтап, жағдай тұрақталған. Облыстық ТЖД өкілдері алдағы күндері де жауын-шашын болуы мүмкін екенін ескертеді.

Авторы: Шыңғыс Қалиден