Жамбыл облысында жауын суы жолды шайып кетті

Жамбыл облысында жауын-шашын суы тас жолды шайып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ Аспара – Шу тас жолындағы теміржол көпірінің бір бөлігі зақымданды.

Ұлттық компания баспасөз қызметі таратқан ақапаратқа сүйенсек, бұған Мерке ауданында жауған нөсер жаңбыр мен тауға түскен қар себеп болған. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті штаб құрып, қауырт желі ұйымдастырды. Республикалық Мерке – Шу – Бурылбайтал жолының зақымданған бөлігін қалпына келтіру жұмыстары таңғы 4-те аяқталды. Ал теміржол қозғалысы таңғы 8-де қайта жанданды.