Аида Балаева Амангелді Сейтхановтың қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты

Аида Балаева Амангелді Сейтхановтың қайтыс болуына байланысты отбасына көңіл айтты

Еліміздің ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қазақ журналистикасының ардагері, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейтхановтың қайтыс болуына байланысты оның жақындарына, туыстарына және әріптестеріне көңіл айтты.

«Аманкелді Муатханұлы өзінің білімі мен егемендіктің алғашқы жылдарында спорт тележурналистикасында алған құнды тәжірибесін жастармен бөлісіп, ізін басқан мамандарға үйретіп кетті. Десе де, табиғатынан ақындығы мен адами асылдығы жарасқан тұлғаның өткен жолы да, халықтың жүрегінде алар орны да бөлек болып қалары анық. Ал оның есімі отандық тележурналистика тарихына ғана емес, тұтастай спорт шежіресіне алтын әріппен жазылады. Басқа түскен осынау қайғыға ортақтасып, марқұмның отбасы, туған-туыстарына көңіл айтамын делінген» көңіл айту жеделхатында.