424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Хромтау шахтасында жарылыс болып, кенші қаза тапты

  • 120
  • UPD: 19:58, 17.08.2021
Хромтау шахтасында жарылыс болып, кенші қаза тапты

Хромтаудағы шахтада бір жұмысшы опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахта. Оқиға жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде болған. Өңірдегі еңбек инспекциясы өкілдерінің айтуынша, тағы бір адам – учаскелік маркшейдер жарақаттанып, Хромтау аудандық ауруханасына түскен. Қайғылы жағдай қауіпсіздік ережесін сақтамаудан туындаған болуы мүмкін. Мамандардың алдын ала болжамы осындай. Бірақ анық-қанығы тергеуден кейін белгілі болады. Ал Еңбек инспекциясының өкілдері өндірісте жыл басынан бері тіркелген алғашқы дерек бұл ғана емес деп отыр.

Қуаныш Камиев, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл өндіріс орнында жыл басынан жетінші дерек тіркеліп отыр. Оның біреуінде жұмысшы жазатайым болды. Негізінен қайғылы оқиға өндіріс жұмысы тәртібін дұрыс ұйымдастырмау, қауіпсіздік ережесін сақтамау және жұмысшылардың сақтық шараларын елемегендіктен орын алады.

Хабар 24 телеарнасы