БҚО-да дала өрті өршіп тұр

Батыс Қазақстанда соңғы күндері дала өрті өршіп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәйтерек пен Теректі аудандарында қызыл жалын күшейіп, ырық бермеді. Тілсіз жауды ауыздықтауға Төтенше жағдайлар департаментінен 70 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемесі мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан қосымша күш тартылған. Олар тек таңғы сағат 06:30 шамасында қауіпті сейілте алды. Абырой болғанда, оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Екі ауданда да шамамен 20 гектардай құрғақ шөп пен орман алқабы жанып кеткен. Нақты аумағы нақтыланып жатыр. Аймақта күн райы да қолайсыз. Ауа температурасы +35 градустан төмен түспей тұр.

Рауан Қайырғалиев, Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы:

- Володаровка және Трекин ауылдарының жанында дала өрті оқиғасы тіркелді. Орал өзені арқылы Теректі ауданы Ақсуат ауылына секіріп өткен болатын. Себебі өрт теректің бастарымен жоғары өрт болып саналды. Кешегі күннің температурасы +35 градус. Желдің бағыты 5-6 м/c болды. Бесінші өрт қауіпті аймақ болды. Өрттің себебі қазіргі таңда анықталуда.