425,02 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ШҚО-да жыл басынан бері 890 тонна шөп өртеніп кетті

  • 181
  • UPD: 23:00, 17.08.2021
ШҚО-да жыл басынан бері 890 тонна шөп өртеніп кетті фото: brendoptom.ru

Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері 890 тонна шөп өртенді, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Облыстық ТЖД-ның мәлімдеуінше, тек соңғы екі апта ішінде Катонқарағайда 14 тонна, Жармада 92 тонна, Үржарда 12 тонна шөп жанып кеткен.

Алтайда тіркемедегі бір тонна шөп өртенсе, Глубокое ауданында жер үйдің жанындағы 11 тонна шөп тып-типыл болған.

Құтқарушылардың айтуынша, көп жағдайда тұрғындардың бейғамдығынан өрт шығады.

Хабар 24 телеарнасы