Атырау облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды

Құрманғазы ауданындағы каналдардың бірінен 4 тоннадан астам балық тиеген қайық қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тінту барысында 2 жарым тоннадай сазан балығы, 700 келіден астам жайын секілді басқа балықтардың заңсыз ауланғаны анықталған. Су маржандары уақытша сақтауға тапсырылып, іс-құжаттар аудандық полиция бөліміне жолданған. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметі бойынша, мемлекетке келтірілген залал көлемі 23 млн теңгеден асады.