425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақмола облысында алкогольді заңсыз өндірген цех анықталды   

  • 136
  • UPD: 12:07, 18.08.2021

Ақмола облысының тәртіп сақшылары алкоголь өндіретін заңсыз жерасты цехын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері 200 литр спирт пен 40 қорап контрафактілік темекі өнімдерін тәркіледі. Тәртіп сақшыларының айтуынша, заңсыз цехты Көкшетау қаласының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Алынған алкоголь өнімдері сараптамаға жіберілген. Ал іс-құжаттар жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Хабар 24 телеарнасы