Нұр-Сұлтанда 51 жастағы тұрғынды көлік қағып кетті

Нұр-Сұлтанда «Тойота» көлігін тізгіндеген жас жігіт 51 жастағы тұрғынды қағып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгіленбеген жерден жүгіріп өткен жүргінші сол жерде көз жұмды. Әлеуметтік желіге тараған бейнежазбадан оқыс оқиғаның бағдаршаммен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен шамамен 150 шақырым жерде орын алғанын байқауға болады. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.