Алматы - Екатеринбург тас жолында тоқтатылған көліктен марихуанна табылды

Екі келі есірткі. Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында тоқтатылған көліктен осынша көлемде марихуанна табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қарасора 2021» профилактикалық шараcы барысында Жамбыл облысының жол патрульдік полициясы мен Мойынқұм ауданы тәртіп сақшылары «Toyota» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде қызметтік ит есірткі тапты. Тәртіп сақшылары 29 жастағы көлік жүргізушісін бірден қамауға алды. Енді ол қылмыстық кодекстің 296 бабы 4 бөлігіне сәйкес, яғни аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.