Елордада 13 жастағы қыз бала суға кетіп көз жұмды

Қайғылы жағдай Есіл өзенінде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеткіншектің мәйіті судан шығарылды. Құтқару қызметіне хабарлама түскен бойда мамандар дереу көмек көрсетугет асыққан. Бірақ баланы аман алып қалу мүмкін болмады. Ол тыйым салынған жерде суға шомылған. Жалпы биыл бас қалада 9 адам тілсіз жау құрбаны болды. Оның бесеуі бала.