423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Павлодарда жалған паспорт жасатқан науқас қайтыс болды

  • 250
  • UPD: 21:09, 19.08.2021
Павлодарда жалған паспорт жасатқан науқас қайтыс болды

Жалған вакцинация паспортын сатып алғанын мойындаған науқас Павлодардағы ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

29 шілдеде ол облыстық кардиоорталықтың жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде түскен. 61 жастағы әйелдің қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел болған. Оған коронавирустық пневмония диагнозы қойылыпты. 18 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасаған. Алайда кеше науқастың жағдайы күрт нашарлап, бүгін көз жұмды. Жыл басынан бері өңірде ковидтен 313 адам қайтыс болды. Өңір қызыл аймақта тұр. Өткен тәулікте 399 адамнан коронавирус анықталған.

Хабар 24 телеарнасы