Орал қаласының маңын алапат өрт шарпыды

Түнде Орал қаласының дәл іргесінде алапат өрт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрғақ шөптер лезде жанып, қызыл жалын Сарытау ауданына қауіп төндірді. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 36 адам мен 6 арнайы техника жұмылдырылған. Бірер сағаттан кейін қауіп беті сейілді. Өрт тұрғын үйлерге жеткен жоқ.

Алдын алам болжам бойынша, шамамен 8 га жер жанып кеткен. Мамандар оқиғаның шығу себебін анықтап жатыр. Аймақта соңғы күндері дала мен орман өрті жиілеп кетті. Ауа температурасы +38 градустан төмен түспей тұр.

Сондай-ақ...