Атырау облысында бекіре балығын аулаған браконьерлер қолға түсті

ҰҚК Шекара қызметі Жанбай ауылының маңындағы құмды жағалауда тұрып қалған «LEXUS» автокөлігіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде автокөліктен жалпы салмағы 468 кг болатын 120 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Мемлекетке келтірілген залал 136 млн теңгеден асып отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.