Ақмола облысында демалыс күндері бес адам суға кетті

Ақмола облысында өткен демалыс күндері 5 адам суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екеуі кәмелет жасқа толмаған жеткіншек. Қайғылы оқиғалар шомылуға арналмаған орындарда болған. Бақилық болған екі азаматтың алкогольді ішімдік ішкені анықталып отыр. Жалпы биыл жазда осы аймақта 31 адамның суға кету дерегі тіркелді. Соның 7-еуі бала.