425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Оралда такси жүргізушісі жолаушы қызға зорлық көрсеткен

  • 224
  • UPD: 21:27, 24.08.2021

Оралда такси жүргізушісі танысымен бірге жолаушы қызды зорлаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы жайтқа қатысты арыз түскенін полиция растады. Қазір тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен бойжеткен колледж студенті екен. Ол 8 тамызға қараған түні құрбысының үйінен шығып, мобильдік қосымша арқылы такси шақырған. Көлікте жүргізушіден бөлек тағы бір ер адам болған. Олар жолаушы қызды көлікке мінгізгеннен кейін орта жолда бағытты өзгертіп, қала сыртына шығып кеткен. Сол жерде бойжеткенге зорлық көрсетіп, кейін саяжайға апарған. 

Полицейлер күдіктілерді ұстады. Алайда жәбірленушінің адвокаты олардың қолхатпен бостандыққа шыққанын айтады. Ал полиция бұған қатысты нақты ақпарат беруден бас тартты.

Мереке Ғабдуәлиев, адвокат:

– Онымен келіспейміз. Ішкі істер департаментінің басшысына біз шағым жібердік. Облыстық прокуратураға шағым жібердік. Енді жауабын күтіп отырмыз. Экспертиза тағайындалды. Бір экспертиза дайын болып отыр.

Лунара Тілекқали, БҚО ПД баспасөз қызметінің маманы:

– Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалды. Міндетті түрде толық ақпарат хабарланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы