Түркістан облысында мұғалім есірткі сатқан

Түркістан облысында есірткі сатқан мұғалім 10 жылға сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түрмеге қамалған әлгі қылмыскер Бәйдібек ауданындағы мектептердің бірінде сабақ берген екен. Кейін күдікке ілігіпті. Полиция қызмектерлері оның үйін тінту кезінде есірткі салынған 10 қапшық тауып алған. Одан бөлек үш келі кептірілген марихуана тәркіледі. Есірткі саудасымен айналысқан әлгі мұғалім оны ас үй бөлмесінің төбесіне тығып қойған көрінеді.