425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Талдықорғандағы зауытта жарылыс болды

  • 316
  • UPD: 14:06, 25.08.2021

Бүгін түнде Талдықорған қаласының өндірістік аймағынан жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы облысының төтенше жағдайлар қызметі хабарлағандай, түнгі сағат 3 жарым шамасында көлік дөңгелегін өңдеу зауытындағы резервуар жарылды. Ізінше цехтың 80 шаршы метр аумағы отқа оранған. Жарылыс салдарынан 3 жұмысшы зардап шекті. Олар дереу Талдықорған қаласының көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Екеуінің жағдайы орташа, ал 44 жастағы азаматтың халі ауыр. Цехтағы өрт таңғы 5-ке таман сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаға өндірістің техникалық талаптарын орындамау себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы