Алматылықтан 7,5 кг қарасора тәркіленді

Алматы тұрғынынан 7 жарым келі қарасора тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

36 жастағы күдікті Шу - Қордай автожолында ұсталған. Оны есірткі тасымалдау барысында Жамбыл облысының полицейлері Черныш атты қызметтік иттің көмегімен анықтаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.