Талдықорғандағы жарылыстан үш адам зардап шекті

Екеуінің жағдайы орташа, біреуі ауыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарылыс кезінде денсаулығына зақым келген жұмысшылар қазір Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында ем қабылдап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс түнгі 3-тер шамасында Медеу көшесінде орналасқан автокөлік дөңгелектерін өңдейтін шағын цехта болған. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің 9 бірлік техникасы мен 24 маманы жұмыс істеді. Қазір жарылыстың себеп-салдары анықталып жатыр. Ол технологиялық қауіпсіздік талаптарын дұрыс сақтамаудан болуы мүмкін дейді мамандар.

Талдықорғандағы зауытта жарылыс болды