Степногорск қаласында өрттен бес адам құтқарылды

Степногорск қаласында көп қабатты үй отқа оранды. Абырой болғанда, кісі шығыны жоқ. Қызыл жалын құрсауынан 5 тұрғын құтқарылды. Тағы 15 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Тілсіз жау салдарынан 1 бөлмелі пәтер бүлінді. Жалпы биыл Ақмола өңірінде тұрғын үй секторында 345 өрт дерегі тіркеліп отыр. Бұл өткен жылға қарағанда 9 процентке артық көрсеткіш.  

Манарбек Шапағатов, ТЖД бастығының орынбасары:

- Өртенген үйден тұрғындар автосаты көмегімен құтқарылды. Газдан уланған бір адамға дәрігерлік көмек көрсетілді. Пәтердің отқа орануына сөндірілмеген темекі қалдығы себеп.