Елордаға есірткі жеткізіп отырғандар ұсталды

Нұр-Сұлтан полицейлері қалаға тұрақты түрде есірткі заттарын тасымалдап отырған азаматты ұстады.

32 жастағы азаматтан 5 грамм гашиш, ал, үйін тінту кезінде 19 келі марихуана тәркіленген. Қазір аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктімен байланыста болған өзгеде қылмыскерлер анықталып жатыр.

ЖОЛ АПАТЫНАН БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Қарағанды қаласында «Ленд ровер» авто көлігін тізгіндеген 60 жастағы жүргізуші жаяу жүргінші қағып кетті. Жасөспірім алған жарақатынан көз жұмды.  Оқиға қала сыртындағы қиылыстардың бірінде болған. Полиция тиісті сараптамаларды тағайындап сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

ЕСІРТКІ САУДАЛАҒАН ЕР АДАМ ҰСТАЛДЫ

Орал қаласында жергілікті сауналарда марихуана сатқан 1960-шы жылғы азамат ұсталды. Тағайындалған сараптамалар пакетке оратылған 4 грамм күмәнді заттың есірткі заттары екенін көрсеткен. Қазір аталған факті бойынша ҚК 297 бабының 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша терген изоляторына жабылды. 

ШҚО-да ДАЛА ӨРТІ ӨРШІП ТҰР

Шығыс Қазақстанда дала өрті бірнеше күннен бері әлі  сөндіріліп жатыр.  Көкпекті мен Аягөз аудандарында 65 гектарға жуық жер отқа оранған. Қазір өрт сөндірушілерге жергілікті тұрғындар мен орман шаруашылығы мамандары көмекке келген. Осылайша 200- ге жуық адам өртті сөндіруге жұмылдырылды. 

ЖОЛ АПАТЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕН ӘЙЕЛ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары автокөлікте қысылып қалған әйелді құтқарды. Оқиға Қарасай ауданы, Райымбек ауылында болған. ЖКО-салдарынан орындық пен панелдің арасында қысылып қалған әйел адамды шығарып, медициналық көмек көрсеткен . Зардап шегуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырлды.