423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Батыс Қазақстанда табиғи өрт 480 гектарды шарпыды

  • 121
  • UPD: 15:34, 26.08.2021
Батыс Қазақстанда табиғи өрт 480 гектарды шарпыды

Еліміздің батысындағы алапат өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Осылайша өрт ошағына әуеден 198 текше метр су құйылды.

Құтқарушылар Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарында тілсіз жаумен арпалысып жатыр. Табиғи өрттің ауданы 480 гектарға жеткен. Оның 90 гектары – орман алқабы. Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің неден шыққаны және келтірілген материалдық шығын көлемі анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы