Қорғаныс министрлігі: Оқ-дәрілердің қалдықтары мен фрагменттері ұшқан жоқ

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің қоймасында тұтанған өрт жалғасуда.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталады. Оқ-дәрілердің бұл түрі жоюға арналған және онда алысқа ұшатын снарядтар жоқ. Сондықтан жарылыстардың нәтижелерінде оқ-дәрілердің қалдықтары мен фрагменттері ұшқан жоқ.

Жарылыстар негізінен соққы толқыны, қатты дыбыстық әсер және жалын сипатында болды.

Медициналық көмекке жүгінген әскери бөлімнің 12 әскери қызметшісі туралы мәліметтер бар.

Осы әскери бөлімде қызмет атқаратын мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер Жамбыл облысының әскери бөлімдеріне көшіріліп, орналастырылды.