Алматыда тау бөктерінде қураған шөп өртенді

Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өрттің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бригадасы қызыл жалынның жақын маңда орналасқан «Компас» жанармай құю станциясына таралу қаупінің алдын алды.

«26 тамыз күні кешкі сағат 20:50 минутта «101» пультіне куәгерлерден Медеу ауданындағы Төле би көшесі мен Шығыс айналма жолында даланың қураған шөбі өртеніп жатқаны туралы хабарлар түсе бастады. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттен.

Өрт сөндіру бригадасы келген кезде таудың баурайында 1000 шаршы метрден астам қураған шөп пен ағаш өртенгені анықталды, құрғақ өсімдіктердің биіктігі кей жерлерде 1,5 метрден асты.

«Өртті сөндіру беткейлердегі биіктіктердің күрт өзгеруімен күрделене түсті, қабылданған шаралардың арқасында от 40 минут ішінде оқшауланып, 21:41-де жойылды. Өртті сөндіруге табиғи өрттерді сөндіру бойынша ТЖД жасағы, сондай-ақ құрамында 30 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылды», - деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментінен.

«Өрт қаупінің жоғары болуына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын ашық отты пайдаланудан, от жағудан, темекі шегуден және құрғақ шөп пен орылған шөпті өртеуден бас тартуды сұраймыз! Кінәлі адамдар әкімшілік, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады»,-делінген хабарламада.