Тараздағы жарылыстан зардап шеккендер саны 66-ға жетті

Қазір оларға Тараз қаласындағы нөмірі бірінші ауруханада және Байзақ ауданындағы орталық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға орнына 16 жедел медициналық көмек көрсету бригадасы аттанды. Жақын маңайдағы ауылдардан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, өрт ошағына Қайнар, Базарбай, Үшбұлақ және Жаңатұрмыс ауылдары жақын орналасқан. 

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Қазір 62 адам ауруханаға жеткізілді. Оның 52-сі қалалық көпбейінді медициналық ауруханаға, ал 10-ы Байзақ ауданындық орталық ауруханасына орналастырылды. Зардап шеккен екі тұрғынның жағдайы ауыр. Ал қалғандарының жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Оларға тиісті медициналық көмек көрсетілді.

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды