Тараздағы жарылысқа не себеп болуы мүмкін

Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген ұшақ Жамбыл облысына ұшып келді.

Лауазымды тұлғалар оқиға орнына жетті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Инженерлік оқ-дәрілердің жанып жатқанын өрттің динамикасынан байқауға болады.

Инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жалғасып жатқан өрт сол жерде сақталған тротилдің жануынан туындауы мүмкін.

Аспандағы түтін іздері қоймада сақталған сигналдық патрондардың өртенуіне байланысты болуы да ықтимал.

Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі апарылғанын айта кеткен жөн. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ.