Жамбыл облысындағы әскери бөлім аумағында тағы бір жарылыс болды

 Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстар тоқтағанын, бірақ өрт әлі сөндірілмегенін хабарлады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, инженерлік оқ-дәрілер жердегі қоймаларда сақталады. Қоймаларда жер асты сақтау орындары жоқ. Осы әскери бөлімде оқ-дәрілердің басқа түрлері (артиллериялық, реактивті, зымырандық, атыс) сақталмайды.

Инженерлік оқ-дәрілер арасында жарылыс кезінде сынықтары мен ірі қалдықтары ұшатын снарядтар жоқ. Сонымен қатар түрлі жарылғыш заттардың жанып, жарылуы салдарынан соққы толқыны, ауқымды жалын болуы мүмкіндігі ескертілген.