Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде адамдар жоғалып кетті

Әскери қоймада 10-нан астам жарылыс болған. Мұндағы оқдәрінің көлемі Арыстағы қоймадан 7 есе аз. 

Жарықшақтар 3 шақырымға дейін жетуі мүмкін. Сондықтан жақын маңдағы 3 ауылдың 220 тұрғыны шұғыл эвакуацияланған. Қазір жарылыс тоқтағанымен қалдықтары жанып жатыр. Онда көбіне инженерлік оқдәрі сақталған. Ал із-түзсіз жоғалғандар қазір іздестіріліп жатыр. 

Нұрлан Ермекбаев, ҚР Қорғаныс министрі:

- Жарылыстан қаза болған, 4 әскери азаматтың, отбасына, туған-туысына көңіл айтамыз. Қазір із-түзсіз жоғалғандар бар. Іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қоймада инженерлік қару-жарақ сақталған болатын. Арыстағы жарылыстан күші жойқын емес. Күші 7 есе аз.

Қорғаныс министрі оқдәрі қоймасына қасақана өрт қойылуы мүмкін деген нұсқаны да жоққа шығармайды. Қазір жарылыс себебін жедел тергеу тобы анықтап жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша қауіпсіздік талаптары бұзылған болуы мүмкін. Химиялық реакция салдарынан өзі жануы да ғажап емес. Осы ретте әскери қызметшілерге, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету үшін топ құрылғанын айту керек.

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Жамбыл облысындағы жарылыс кезінде 32 адам зардап шекті

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растады. Ал соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.