Шымкентте орталық базар өртенді

Шымкент қаласындағы «Орталық қырғы базарында» өрт орын алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы сауда бутиктерімен қоса, дәріхана да жанған. Өрттің жалпы ауданы 200 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 34 қызметкері мен 8 техникасы, Апаттар медицинасы орталығының мамандарымен қоса полицейлер де тартылды. Өрт аумағын сумен жабдықтау сол маңда орналасқан өрт гидранттары арқылы жүзеге асырылды. Қазір оның шығу себебі анықталуда.