Жамбыл облысындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

ҚР ТЖМ-нің нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы бір адамның денесі табылды.

Қазір жеке басы анықталуда.

Бұған дейін 12 адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

1. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы Арнұр Серікұлы Темірболатов.

2. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қ. 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы Елдос Қадырбайұлы Сандыбаев.

3. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары Александр Николаевич Микропуло.

4. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы Тәңіберген Кұдайбергенұлы Төребеков.

5. Жамбыл облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығының орынбасары М.К.Айманов.

(коллаж Қазақпараттан алынды)

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс орын алды. Нәтижесінде жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды.

Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Осы тақырып бойынша:

Таразда жарылыс болды

Жамбыл облысында жарылыс жалғасып жатыр

Жамбыл облысындағы жарылыс: Қорғаныс министрінің басшылығымен комиссия жіберілді

Тараздағы жарылыс: тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Тараздағы жарылыстан 60 адам зардап шекті

Тараздағы әскери қоймада барлығы 6 жарылыс болды

Байзақ ауданындағы жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды

Әскери қоймада қандай заттардың жарылғаны белгілі болды