Елорда маңында қамыс өртеніп жатыр

Елордадағы Есіл ауданының оңтүстік-батысындағы айналма жолдың маңында қураған ағаш пен қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

ТЖД хабарлауынша, өрт аумағына көліктерге арналған кіріп шығатын жолдар жоқ. Сондықтан оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды қол құралдарымен сөндіріп жатыр. Қамыстың биіктігі – 3 метр. Өрттің 6 ошағы тіркелген. Жалпы аумағы – 2500 ш.м. Өртті сөндіру таңғы 08-40-тан басталды.

Сондай-ақ...