Елордада есірткі сатқан күдікті ұсталды

Сыр елінің полицейлері синтетикалық есірткі сатумен айналысып келген 22 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады. Ішкі істер министрлгінің бастамасымен еліміздің бес өңірінде арнайы операция ұйымдастырылып, заңсыз алтын өндірумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Ал Түркістан өңірінде алаяқтық фактілері жиілеген. Ел астанасында бір аптаның ішінде 100-ден астам қылмыс тіркелген.

Жедел алдын алу шарасы барысында Иманов көшесінде 42 жастағы сезікті қолға түсті. Тінту кезінде оның тұрғылықты мекен-жайынан жалпы салмағы 151 грамм гашиш табылды. Аталған дерек бойынша, қылмыстық іс қозғалып, ол темір торға тоғытылды. Айта кету қажет, күдікті осыған дейін де істі болған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жалпы тәртіп сақшылары 23 тамыздан 131 қылмыс тіркелгенін айтып отыр. Оның 98-нің ізі суымай ашылды. Іздеуде жүрген 18 қылмыскер ұсталды.

СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ ЖАСАП САТҚАН

Қызылордалық полицейлер де синтетикалық есірткі сатушының жолын кесті. 22 жастағы күдікті жалға алған пәтірін шағын зертханаға айналдырған. Ол жерден түрлі ұнтақтар, электронды таразы, түрлі түсті скочпен мен пакеттер табылып, айғақты зат ретінде алынды. Семей қаласының тумасы аталған есірткі заттарын жалдамалы пәтерінде өзі дайындап, өлшеп тіпті интернет желісі арқылы тапсырыс қабылдап отырған. Қазір қамауға алынды. Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

АЛАЯҚТЫҚ БЕЛЕҢ АЛДЫ

Түркістан облысында алаяқтық фактілері жиіледі. Тәртіп сақшылар осыдай деп дабыл қағып отыр. Мәселен өңірде соңғы бір тәулікте 10-нан астам осындай қылмыс тіркелген. Олардың ішінде: әлеуметтік көмек немесе мемлекеттік субсидия алу сылтауымен азаматтарды алдаудың 6 дерегі, 2 жайт - біреудің атына несие ресімдеу, тағы біреуі ақшаны еселеп көбейтуге қатысты болып отыр. Алаяқтардың торына түскен жәбірленушілерге келтірілген шығын шамамен 9 миллион теңгені құрап отыр. Осыған байланысты тәртіп сақшылары тұрғындарды әсіресе әлеуметтік желіде сақ болу керектігін ескертеді.

Ерболат Қаненов, Түркістан ҚПБ тергеушісі:

–Түркістан ҚПБ-на жергілікті тұрғындардың бірі арызданған. Онда өзінің атынан белгісіз тұлға 2 миллионнан астам көлемдегі несиені заңсыз рәсімдегенін көрсеткен. Бұл бойынша ҚР ҚК 190 бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру нәтижесінде осы қылмысқа күдікті ретінде банктердің бірінің қызметкері анықталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда бұл азаматтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. 

АЛТЫН ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 32 АДАМ ҰСТАЛДЫ

Алматы, Шымкент, Нұр-сұлтан қалаларымен Ақмола және Маңғыстау облыстарында құрамында алтыны бар материалдарды ұрлап, оны өндірумен айналысқан қылмыстық топ анықталды. Бес өңірде полиция қызметкерлері арнайы операция өткізді. 41 цех әшкереленіп, олардың барлығынан түрлі айғақты заттар табылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде сақшылар дайын зергерлік бұйымдарды өткізіп келген орындарды да тексерілді. Оңай олжаға кенелмек болғандар тауарларға жалған құжаттар да дайындап отырған. Қазіргі таңда аталған қылмыстық топтың 34 адам ұсталды.