БҚО-да трактор аударылды: 8 жастағы қыз бен ер адам қаза тапты  

Батыс Қазақстан облысында тіркемесі бар трактор аударылды. Апат салдарынан қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Хабар 24 tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Бөкейорда ауданы Сайхин ауылында болған.

«Апат салдарынан 1994 жылы туған ер адам мен 2013 жылы туған қыз қаза тапты. Іс бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабына («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») сәйкес соталды тергеу жүргізіліп жатыр», – деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қоңырау 26 тамызда 22.10 -да түскенін атап өтті.

«Тіркемесі бар трактор шұңқырға аударылған», – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Статистикаға сәйкес, 2021 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қазақстанда 7,2 мың жол-көлік оқиғасы болған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 14,5 пайызға көп. Еліміздегі 10 жол-көлік оқиғасының үшеуі Алматыда болады.