Таразда жарылыстан қаза болғандарды еске алу рәсімі өтті

Таразда жарылыстан қаза болған әскерилер мен өрт сөндірушілерге арнап гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери бөлімнің алдында ұйымдастырылған шараға апат құрбандарының әріптестері, туған-туыстары мен қала тұрғындары қатысты. Жамбыл халқы қаза тапқандардың бейнесін еске алып, аза тұтты.

Еске салайық, Байзақ ауданындағы әскери бөлімде болған жарылыс кезінде 13 адам қайтыс болып, 4 адам із-түзсіз жоғалған.

Әліби Әбдолла, өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі:

- Барлық өртте бірге болдық, бірге жүрдік, бірге тамақтандық. Бейбіт елдің батырлары өз мамандықтарын сүйген соң осындай жағдай болып отыр деп ойлаймын.