Алматыда полицей қарамағындағы қызметкерді қуып жүріп ұрды

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасына қатысты шу шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнероликте көріп тұрғаныңыздай, қарапайым киінген азамат полиция қызметкерін қуып жүріп, жұдырық жұмсап жатыр. Ол аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары болуы мүмкін. Желідегі жазбаға қарасақ, ол мұндай жағдайды дағдыға айналдырған. Қарамағындағыларды үнемі ұрады. Бірақ үлкен басшылық оған көз жұма қарайтын көрінеді. Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша қызметтік тексеру басталғанын, кінәлілер анықталып, жауапқа тартылатынын жариялады.